Аясында «Металл конструкцияларының сапасын бақылау»

2022 жылғы 8 сәуірде құрылыс пәндері апталығы аясында «Металл конструкцияларының сапасын бақылау» операциялық бақылау элементтерімен кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты: Дәнекерлеу тігістерінің сапасын бақылауды орындау және жүргізу техникасының кәсіби іскерлігін анықтау.

Конкурсқа екінші және үшінші курс студенттері қатысты. «Единство» ЖШС өкілдері мен қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Студенттер өз шеберліктерін, дәнекерлеу тігістерін орындай білетіндерін көрсетті. Конкурстың соңында үздік өнер көрсеткен балалар грамоталармен және көтермелеу жүлделерімен марапатталды.

Апталықтың соңында «Book dating» жанды газет іс-шарасы өткізілді (қала және оның тұрғындары сәулет және тарих контекстінде). Іс-шараға қатысушылар колледж студенттері мен оқытушылары сәулет және тарих контекстінде көп деңгейлі орта ретінде қала идеясын бейресми жағдайда талқылады.