Ақпарат

ПЕТРОПАВЛ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Құрылған күні: 2015 жылғы 9 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бұйрығымен Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің базасында ресурстық орталық ашылды.

Ресурстық орталығының миссиясы: – облыстағы құрылыс ұйымдары мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын икемді білім беру бағдарламаларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және тығыз әлеуметтік серіктестік енгізу негізінде бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету.

Мақсат: кәсіптік оқытудың белгілі бір түрі үшін заманауи жоғары тиімді білім беру ресурстарын біріктіру және шоғырландыру арқылы инновациялық технологиялар бойынша жоғары білікті кадрлардың біліктілігін арттыру.

Негізгі міндеттері:

1. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын өндірістік оқыту, оқу практикасы бөлімдері бойынша іске асыру.

2. Разработка модулей профессиональных компетенций, реализация экспериментальных образовательных программ.

3. Қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (біліктілікті арттыру, жұмысшы мамандықтары бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау).

4. ТжКБ ұйымдарымен бірлескен шеберлік сабақтарын, ғылыми-практикалық конференцияларды, оқыту семинарларын өткізу.

5. Экономика мен білім саласы арасындағы әлеуметтік серіктестікті дамыту

6. Мектеп оқушыларының кәсіптік бағыттылығы.

7. Еңбек ресурстары мен білім беру қызметтерінің аумақтық нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізу.

8. Цехтардың өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру.