«Үздік шебер-2021» қалалық кәсіби шеберлік байқауы

12 қарашасында 2021 жылдың сағат 15:00 -де «Үздік Шебер-2021» қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтеді.
Байқаудың ұйымдастырушылары: «Jas Otan» Жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Петропавл қаласы әкімдігінің қолдауымен.
Өтетін орны: Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің базасында кәсіби байқауда әр түрлі мамандық иелері, өз ісінің шеберлері: дәнекерлеуші, балташы, ағаш ұстасы, қалаушы, сылақшы жарысатын болады.
Жарысқа Байқауға 20 қатысушы қатысады, олардың әрқайсысы өз шеберліктерін көрсетіп, алған орны үшін сертификат пен бағалы сыйлық табысталды. Ал өз ісіндегі ең үздік шеберіне атаулы кубок табыс етіледі!